«Жарқын бейне» күйші, әнші Нариман Үлкенбаевты еске алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жарқын бейне» күйші, әнші Нариман Үлкенбаевты еске алады

14.06.2015
«Жарқын бейне» күйші, әнші Нариман Үлкенбаевты еске алады

Нариман Үлкенбаев – қазақтың маңдайына біткен арда ұлдарының бірі, талантты дарын иесі, күйші. Ақын Кәкімбек Салықов: «Асық атса жаңыл­майтын алшысы, Атыраудың Нариман сазгер, әншісі. Айтулы ұстаз, жақсы азамат, Мен үшін «Жезкиіктің» ол тамаша жаршысы», – деген екен.

Өнер иесінің көзін көрген замандастары: «Нариман күйші қазақ сөзіне қайтып бірдей сүйінсе, қазақ күйіне де сөйтіп бірдей тебіренетін. Бәрінің де бабын келтіріп, бақайшағын шағып, ба­лын тамызып орындайтын», – деп еске ала­ды.

Сегіз қырлы, бір сырлы болған азаматтың  ұлағатты ұстаздығы­ның көріні­сін бүгінгі талантты шәкірттеріне, шебер күйші қызы Айгүл Үлкенбаеваның өнердегі кең өрісіне қарап бағалауға бола­ды.

Қазақ сазын насихаттап, ән дегенде ішкен асын жерге қойған өнерпаздың жарқын бейнесі ел жадында. Бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:45-те көріңіз.

Хабарламаларға жазылу