Елордада «Жастар Жалыны - 2017»  шығармашылық жастар фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Жастар Жалыны - 2017»  шығармашылық жастар фестивалі өтті

28.04.2017
Елордада «Жастар Жалыны - 2017»  шығармашылық жастар фестивалі өтті

Астана қаласында 2017 жылдың 21-26 сәуірі аралығында «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ тапсырысымен «Астана қаласының Жастар мәслихаты» ҚБ «Жастар Жалыны - 2017»  шығармашылық жастар фестивалін өткізді. Қатысушылар елорданың 11 жоғары оқу орындарының студенттері.

Фестиваль «Эстрадалық және халық әндері», «Үздік бейнеролик», «Үздік фото-жұмыс», «Интеллектуалдық ойын», «Еркін интерпритациядағы халық би», «Ақындар сайысы», «Аспаптық музыка», «Театралдық қойылым», «Үздік жанкүйерлер» номинациялар бойынша өтті.

Әр номинация бойынша қазылар алқасының құрамы құзыретті және білікті мамандардан құралды. Фестивальді  ұйымдастыруға кәсіби режиссерлер, сценаристер мен жетекшілер тартылды.

27 сәуір күні «Жастар Жалыны - 2017»  шығармашылық жастар фестивалінің Гала-концерті  ұйымдастырылды. Фестивальдің жабылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жәмилә Нүсіпжанқызы, Бақтияр Мәкенұлы, Бақытбек Смағұл, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев, Астана қаласы Мәслихатының депутатары - Саят Нұрланұлы, Мирас Шәкенов, шахматшы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов, журналист, тележүргізуші Динара Сәтжан, ақын Қалқаман Сарин, жастар ұйымдарының көшбасшылары, «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Данияр Манарбекұлы, ЖОО-ның басшылары мен жоғары оқу орындарының ЖІК басшылары, қала әкімінің басқармасы  және «Нұр Отан»  партиясының өкілдері  қатысты.

Гала-концертте Айгүл Иманбаева, Бейбіт Қорған, Адам және «Қазақ қыздары», «Хамза» топтары сынды эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Іс-шара барысында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев фестивальдің өтуімен құттықтап, Елорда жастарын «Smile Astana» жобасын қолдауға шақырды.

Шара соңында бас жүлде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне табыс етілді.

Хабарламаларға жазылу