«Астана» ұлттық сурет галереясында жаңа зал ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» ұлттық сурет галереясында жаңа зал ашылады

28.01.2015
«Астана» ұлттық сурет галереясында жаңа зал ашылады

Бүгін «Астана» сурет галереясында жаңа графика және мүсін залы ашылады.

Онда галерея қорында сақтаулы тұрған Қазақстанның кәсіби графиктерінің жұмыстары, бейнелеу өнері шеберлерінің туындылары қойылады.

Экспозициялар Отан соғысы, тың игеру тақырыптарын арқау еткен.

Атап өтейік, «Астана» ұлттық сурет галереясы өткен жылдың көктемінде құрылған.

Алдағы уақытта елдің сурет өнерін зерттейтін орталыққа айналмақ, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу