«Астана» ұлттық сурет галереясында кескіндеме залы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» ұлттық сурет галереясында кескіндеме залы ашылады

04.12.2014
«Астана» ұлттық сурет галереясында кескіндеме залы ашылады

Бейнелеу өнерінің негізін қалаушыларынан бастап, «жаңа өнер» ізбасарларына дейінгі авторлардың еңбектері галереяның кескіндеме залында халық назарына ұсынылатын болады. Бұл туралы e-history.kz хабарлайды.

Зал экспозициясы кәсіби мектептің қалыптасуына сай кезең-кезеңмен құрылған. Экспозицияда қазақтың бейнелеу өнерінің негізін салумен қатар, дарынымен дараланған таланттар Н. Хлудов, Ә. Қастеев, А. Исмаилов, К. Қожықов, А. Черкасский, П. Зальцман, А. Бортников, А. Ғалымбаева сынды хас шеберлерінің туындылары мен кәсіби бейнелеу мектебінің негізін қалауға атсалысқан кәсіби суретшілер С. Айтбаев, Ш. Сариев, Ж. Шарденов, М. Кенбаев, Г. Исмаилова және  басқа суретшілердің еңбектері де ұсынылатын болады.

Залдың ашылу салтанатында көрермендер Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен «Астана Опера» театры симфониялық оркестрінің музыкалық перфомансін тамашалайды. Сондай-ақ, шараға мәртебелі қонақтар, дипломатиялық корпустың, мемлекеттік органдар өкілдері, серіктестер, бизнес құрылымдарының өкілдері, республикалық БАҚ, қоғамдық және саяси тұлғалар, өнер, білім, мәдениет саласының қайраткерлері қатысады. 

Хабарламаларға жазылу