Ан-2 ұшағының апатқа ұшырау себептерi 2-3 айда белгiлi болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ан-2 ұшағының апатқа ұшырау себептерi 2-3 айда белгiлi болады

28.01.2015
Ан-2 ұшағының апатқа ұшырау себептерi 2-3 айда белгiлi болады

«Алдын ала себептерiн айта алмаймын. Өйткенi себеп өте көп: ауа райының қолайсыздығы, техникалық және адами факторлар.

Ұшақ қатты зақымданған. Оның барлық бөлiктерiн жинап, тергеу жүргiзу қажет. Ал, оның нәтижелерi қашан болатынын нақты айта алмаймыз. Халықаралық тәжiрибе бойынша тергеу амалдары екi-үш ай жүргізіледі», - деді Серiк Мұхтыбаев.

Ан-2 ұшағы тыңғылықты зерттеулер үшін апат орнынан Алматы қаласына жеткiзiлдi.

 

Хабарламаларға жазылу