Ан-2 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды
Инвестициялар және даму вице-министрі Жеңіс Қасымбек басқаратын комиссия құрамында, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, Бас көлік прокуроры, Ішкі істер министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдері бар.
Тергеушілер Қылмыстық Кодекстің «қозғалыс қауіпсіздігі немесе әуе көлігін пайдалану ережесін бұзу» бабы бойынша тергеуді бастады.
Ал, апаттан қаза болғандардың отбасыларына «Қазақмыс» корпорациясы өтемақы төлейтін болды.
Марқұмдардың 10 жылдық жалақысы олардың артында қалған бала-шағасына берілмек. Ал, ауыр хәлде жатқан науқас есін жинаған.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06