Жамбыл облысында құлаған Ан-2 ұшағының апат себебi екi-үш айдан кейін белгiлi болады

28.01.2015
Жамбыл облысында құлаған Ан-2 ұшағының апат себебi екi-үш айдан кейін белгiлi болады

Қазіргі уақытта арнайы Үкiметтiк және ведомстволық комиссия құрылып, тергеу жұмыстары жүргiзiлуде.

Ұшақ бөлшектері апат орнынан Алматы қаласына жеткiзілген. Сол жерде оның қандай себептен құлағанын тағы үш комиссиялық топ анықтайды.

Тергеу тобына зауыт өкiлдерi мен тәуелсiз сарапшылар шақырылып, құқыққорғау органдары да жұмылдырылған.

Комитет басшысының орынбасары отандық мамандардың бiлiктiлiгi өте жоғары екенін атай келе, шетелден сарапшыларды шақырудың қажетi жоқ екенін жеткізді.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу