Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде кәсіптік бағдар беру кабинеті ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде кәсіптік бағдар беру кабинеті ашылды

18.11.2014
Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде кәсіптік бағдар беру кабинеті ашылды

Бұл жерде аймақтағы ірі кәсіпорындардың өкілдері  оқушылармен кездесулер өткізіп, өздеріндегі мамандықтар туралы әңгімелейді.

Мектеп бітірушілер компьютерден облыстағы ірі кәсіпорындар, ондағы мамандықтар  мен еліміздегі барлық орта және жоғары оқу орындары туралы ақпаратты оқи алады.

Осы кабинеттерде арнайы пәндер бойынша сабақ беретін мұғалімдер зауыттар мен кәсіпорындарға барып, нақты өндіріспен танысып отырады.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу