Басты Жаңалықтар Астанада «Өз актеріңді таны!» атты акция өтеді

Астанада «Өз актеріңді таны!» атты акция өтеді

Астанада «Өз актеріңді таны!» атты акция өтеді

 

Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 1 ақпан мен 25 наурыз аралығында «Өз актеріңді таны!» атты акциясын өткізеді. Шара 27-наурыз Халықаралық театр күніне арналған.

Акцияның мақсаты:

         - Астана қаласының Қ.Қуанышбаев  атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көрерменімен арасындағы байланысты арттыра түсу;

         -  Театр репертуарының жұртшылық назарына әсерін саралау;

         - Театр актерлерінің сахналық шығармашылығының көрерменіне қаншалықты жетімділігін анықтау;

         - Актер шеберлігі саласының, кейіпкер жасаудағы түрлі тәсілдер мен бағыттардың, орындаушылық өнердің ерекшеліктерінің көрермен тарапынан бағалануын байқау;

         - Репертуарлық спектакльдердің тақырыбы, жанры, безендірілуі, өткізілуі және көрермен тарабынан қабылдануы тұрғысын зерделеу;

         - Қойылымдағы әрекет жүйесінің, сөз сөйлеу, ән айту, би билеу шеберлігінің артықшылық пен кемшілік тұстарын пайымдау.

Акция 27-наурыз  Халықаралық  театр  күніне арналған салтанатты шарада  қорытындыланады.

Фото: aynaline.kz

Бөлісу