30-31 қаңтар күндері академик Шмидт Айталиевтің 80 жылдық мерейтойына орай Алматыдағы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында «Көлік құрылғыларының құрылысы мен механикасының басты мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының (ҚАЗҰҒА) академигі, жерасты, көлік және арнайы құрылғылар механикасы ғылыми мектебінің негізін қалаушы, оқу ісінің құрметті қызметкері, ағартушы ғалым Шмидт Мұсаұлы Айталиев 28 қаңтар күні 80 жасқа келеді.
Шараны ҚР Ұлттық ғылым академиясы, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы, Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, У.А.Жолдасбеков атындағы механика және көліктану институты, Қазақстан геотехникалық ассоциациясы ұйымдастырылып отыр.