Астанада Мырзатай Жолдасбековтың жеке кітапханасы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Мырзатай Жолдасбековтың жеке кітапханасы ашылады

22.01.2015
Астанада Мырзатай Жолдасбековтың жеке кітапханасы ашылады

2015 жылдың 22 қаңтарында сағ. 15.00-де Ұлттық академиялық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтың жеке кітапханасы ашылады.

Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ, белгілі тұлғалар, зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік және қоғамдық құрылым өкілдері қатысапақ, деп хабарлайды kazaitys.kz.

Академик Мырзатай Жолдасбеков кітапханасының қорында 6 641 дана (5685 аталым) кітап, кітапша болса, сол қатардағылар: 1041 дана кітап белгілі қаламгерлер, ақындар және дипломаттар қолтаңбасымен; 773 дана (690 аталым) орыс тіліндегі кітаптар; 415 мемориалдық экспонаттар (кәдесыйлар, портреттер, дипломдар, сертификаттар, медальдар, монеталар, т.б.); 908 (368 аталым) аудио, бейнематериалдар, грампластинкалар. Барлығы – 9 526 дана (8162 аталым). Кітапхана қоры әрі қарай толықтырылатын болады.

Сонымен қатар, М. Жолдасбеков жеке қорындағы қазақ және басқа да халықтардың ұлттық аспаптарының бірегей топтамасын (домбыра, жетіген, гармонь, т.б.) Ұлттық академиялық кітапханаға тапсырмақ ниетте.

Хабарламаларға жазылу