Мұқағали Мақатаев атындағы ақындар байқауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұқағали Мақатаев атындағы ақындар байқауы өтеді

18.01.2015
Мұқағали Мақатаев атындағы ақындар байқауы өтеді

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың мұрасын насихаттау, ұлы ақынның шығармалары арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, жас таланттарды, ақындарды тану, өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты жас ақындардың қалалық байқауын өткізеді.

Байқау екі кезеңнен тұрады:

    - байқаудың іріктеу кезеңі 2014 жылдың 17 ақпанында өтеді;

    - республикалық байқау шілде айында өткізіледі /нақты  уақыты, өтетін жері  қосымша хабарланады.

    Байқауға 20-30 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

 

    Байқау 3 тапсырма бойынша өткізіледі:

    І.  «Поэзия, менімен егіз бе едің?!»

    Қатысушының Мұқағали Мақатаевқа арнаған өлеңі. Бұл туынды ақынның поэзияда алатын орнын, айрықша ақындық «менін», суреткерлік бейнесін, қаламгерлік шеберлігін таныта аларлық шығарма болуы шарт.  Өлеңнің идеялық мазмұны терең және көркемдік деңгейі жоғары болуы тиіс.

    ІІ.  «... Ал,  екінші бақытым – тілім менің»

    Қатысушының тіл тақырыбына арналған өлеңі. Ана тіліміздің баға жетпес байлығы, сөз құдіреті, сонымен бірге бабалардан қалған асыл қазынамыз және мемлекеттің басты тілі екендігі көрініс табуы тиіс.

    ІІІ. «Болашағым, сен тұрсаң мен өлмеспін!»

    -    «Күнделік жаз, жарқыным!»

    Ақынның күнделігінен сыр шерту, ой толғау.

    -    «Есіңе мені алғайсың».

    Ақынның өлеңіне жазылған ән орындау. Қатысушының қалауымен 3-ші тапсырманың тек біреуі ғана орындалуы тиіс.

    Әр тапсырма жатқа және шығарманың мазмұнын терең жеткізетіндей мәнерлі орындалуы шарт. Оқылатын шығармалар көлемі 2-3 минуттан аспауы керек;

  Байқауға қатысушы үміткерлер өлеңдерін 2015 жылдың 13 ақпанына дейін тапсыруы тиіс.

   

 

Дереккөз: adebiportal.kz

 

Хабарламаларға жазылу