18-қаңтар күні Алматыдағы Республика сарайында «Сағындырған әндер-ай» атты концерт өтеді. Осыған орай, бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында Қазақстан Республикасының Халық әртісі Майра Ілиясова қонақта болды.
Бағдарлама барысында әнші ретроконцерттің дайындығы туралы айтты.
«Кештің ерекшелігі – майталман әншілер мен жас әншілер бірігіп, ән орындайды. Ретроконцертке 105-тей әнші қатысады. Қазақтың тамаша 30-ға жуық әні орындалады», - дейді ол.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.