Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайына - 80 жыл (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайына - 80 жыл (ВИДЕО)

01.10.2015
Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайына -  80 жыл (ВИДЕО)

Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы - 1976 жылы Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясының және Республикалық қолданбалы өнер музейінің қоры негізінде қаланған.

1984 жылы Әбілхан Қастеевтің есімі берілген мұражай еліміздегі бейнелеу өнері саласында ғылыми зерттеу және мәдени ағарту ісіне өлшеусіз үлес қосып келеді.

Мұнда қолөнер, қолданбалы өнер, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері салалары бойынша бөлімдер жұмыс істейді.

Сондай-ақ, сақтау қорлары, қайта қалпына келтіру, көрме және экспозиция, экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі сынды бірнеше орталықтың жұмысы жолға қойылған.  

Мұнда балаларды бейнелеу өнеріне баулитын Кіші өнер академиясы да бар.

Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы  туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу