Әбілхан Қастеевтің 110 жылдығына орай ғылыми конференция ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әбілхан Қастеевтің 110 жылдығына орай ғылыми конференция ұйымдастырылды

11.07.2014
Әбілхан Қастеевтің 110 жылдығына орай ғылыми конференция ұйымдастырылды

Биыл Қазақстанның Халық суретшісі, Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Әбілхан Қастеевтің туғанына - 110 жыл.

Осы мерейтой аясында суретшінің туып өскен өлкесі Жаркент өңірінде «Тума талант мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

Қастеев - қазақтан шыққан ең алғашқы кәсіби суретші. Жастайынан қой бағып, қара жұмысқа ерте араласқан талант иесі суретші ретінде алғаш Түрксіб теміржолында жүргенде таныла бастады.

Рухани басқосуда қоғам және мемлекет қайраткерлері, суретшілер және басқа да өнер саласының өкілдері Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы мен өміріне тоқталды.

Сегіз қырлы, бір сырлы суретшінің көпшілік біле бермейтін басқа да қырлары әңгімеге арқау болды. 

Мәмет Иманбай, қастеевтанушы:

Достарымен, әріптестерімен әңгімелесіп, еркін демалған кезде сол арада бір уақыт тауып, мольбертін алып, сыртқа шығып кетіп, тынымсыз еңбек еткенді қалайтын қалыптан тыс еңбекқор адам.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу