Джиро д'Италия – 2015 көпкүндігінің жаңа жейделері таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джиро д'Италия – 2015 көпкүндігінің жаңа жейделері таныстырылды

14.01.2015
Джиро д'Италия – 2015 көпкүндігінің жаңа жейделері таныстырылды

Флоренцияда Джиро д’Италия (Giro d’Italia) көпкүндігінің көшбасшылары киетін төрт жейде таныстырылды.

Джиро д’Италия – ең ірі спорт жарыстарының бірі. Үш аптаның ішінде 11 миллион жанкүйер жинайды. Оның 2,4 миллионы кезеңнің басталуында келсе,  2,3 миллионы мәреде қарсы алады. Ал, 6,5 миллион жанкүйер велошабандоздарға жолдың бойында қолдау білдіреді.

Италияда өтетін Гран-турының трансляциясын күн сайын әлемнің 171 елінен 18 миллион көрермен тамашалайды. 162 елде тікелей эфирде таратылады, Өткен жылы 4 мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралы хабар таратқан.

Джиро д’Италия-2015 жейделерінің демеушілері:

Maglia Rosa – жалпы есептің көшбасшысына арналған алқызыл жейде. Демеушісі - Balocco, бисквит өндірісімен айналысатын италиялық кондитерлік компания;

Maglia Azzurra - тау көшбасысына арналған жейде. Демеушісі – Mediolanum банкі;

Maglia Rossa - ұпай саны бойынша жеңімпаз киетін қызыл жейде. Демеушісі - Aldiga, балмұздақ өндірісімен айналысатын италиялық компания;

Maglia Bianca, ең үздік жас велошабандоздың ақ жейдесі. Демеушісі -  Eurospin, дискаунтер желісі.

 

Фото: velolive.com

Хабарламаларға жазылу