«Джиро д Италия - 2014» жүлдегері Астанаға келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Джиро д Италия - 2014» жүлдегері Астанаға келеді

18.06.2014
«Джиро д Италия - 2014» жүлдегері Астанаға келеді
Бүгін Франкфурт-Астана бағыты арқылы «Джиро д’Италия - 2014» көпкүндігінің қола жүлдегері, қазақстандық «Астана» велокомандасының шабандозы, италиялық Фабио Ару еліміздің бас қаласына келеді.
 
Сонымен қатар, меймандардың арасында қазақстандық команданың өзге өкілдері Паоло Тиралонго, Дмитрий Муравьев, Андрей Зейц және спорт директоры Александр Шефер бар. Он бес жасынан бастап маунтинбайкпен жарысқа қатысады. Тек 2010 жылдан бастап тасжолға ауысады.
 
Ару алғашқы кәсіби келісімшартын 2012 жылы Astana Pro Team командасымен жасасты. Италиялық велошабандоз қазақстандық команданың намысын 2016 жылға дейін қорғайды.
 

Хабарламаларға жазылу