«Джиро д Италия» бәйгесінің қола жүлдегері Фабио Ару Қазақстанға келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Джиро д Италия» бәйгесінің қола жүлдегері Фабио Ару Қазақстанға келеді

11.06.2014
«Джиро д Италия» бәйгесінің қола жүлдегері Фабио Ару Қазақстанға келеді
 «Джиро д' Италия» көпкүндігінің жүлдегері «Астана» велоклубының велошабандозы итальяндық Фабио Ару Қазақстанға келеді,-деп хабарлайды велокоманданың баспасөз қызметі.
 
Фабио Ару 19 маусым күні Астана қаласында болып «Астана»  велоклубының бас демеушісі - «Самұрық-Қазына» компаниясының басшылығымен, «Астана»  президенттік кәсіби спорт клубының жетекшілерімен,
 
Қазақстанның велоспорт федерациясымен, сондай-ақ,  «Astanafans» мүшелерімен кездеседі деп жоспарлануда. Ал, 20 маусым күні Алматы қаласына жолға шығады.
 
Естеріңізге  сала кетейік, «Астана» қазақстандық велоклубының мүшесі Фабио Ару «Джиро д'Италия» көпкүндігінде үшінші орын алған болатын.

Хабарламаларға жазылу