Бүгін - мемлекет қайраткері, халқымыздың біртутар тұлғасы Дінмұхамед Қонаевтың туған күні.
Алматыда заңғар тұлғаға арналған тарихи-мемориалдық мұражай кешені бар. Оның құрылғанына 10 жылдан астам уақыт өтті.
Мұнда қоғам қайраткерінің өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін үш мыңнан астам жәдігер сақталған.
«Дінмұхамед Қонаев қару-жарақ және оттық жинаумен айналысқан. Коллекциясында 500-ден астам оттық бар. Бұл жерде олардың тек алтауы бар», дейді мұражай қызметкерлері.
Мәдени нысанның «Қонаев мұражайының қару-жарақтары. 18 жылдан соң» деп аталатын экспозициялық залымен «Таңшолпаннан» таныса аласыздар.