Солтүстік Қазақстан облысында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

11.01.2015
Солтүстік Қазақстан облысында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның орталығы – Новоишим ауылында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

«Мұнда баскетбол, волейбол, күрес, бокс, жеңіл атлетика секциялары, тренажер залы жұмыс істейтін болады. Көрермендерге арналған 160 орынды трибуна бар», – деді салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Владимир Дудов.

Хабарламаларға жазылу