Астанада инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік конгресі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік конгресі өтеді

10.01.2015
Астанада инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік конгресі өтеді

2017 жылдың маусым-қыркүйек айларында Астана қаласында өтетін Халықаралық мамандандырылған EXPO көрмесінің  аясында инженерлер мен ғалымдардың Дүниежүзілік конгресі өтеді.

Конгрестің басты ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы мен Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы.

Шара мақсаты – әлемнің жетекші ғалымдарымен энергия үнемдеу және оны  тиімді пайдаланудың жолдарын талқылау.

Онда инженерлік ойлар мен әлем және Қазақстан ғылымының жетістіктері ұсынылады. Сондай-ақ,  еліміздің инновациялық дамуға, «жасыл экономика» қағидасына бейімділігі көрсетілмек.

Хабарламаларға жазылу