Келесі жылы Астанада Хоспис ғимаратаның құрылысы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі жылы Астанада Хоспис ғимаратаның құрылысы басталады

16.07.2018

Бұл туралы бүгін Халықаралық сәулетшілер конгресі барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова айтты. Жазылмайтын дертке шалдыққандарға арнайы күтім жасайтын орын тапшылығы қалада қазір қатті сезіледі. Хоспис салу мемлекеттік және жекеменшік әріптестік әдісімен жүзеге аспақ. Сондай-ақ, жақын арада мемлекеттік және жекеменшік әдісімен қаланың жарықтандыру жүйесіне жаңа инвестор кіреді. Олар қаладағы шамдардың 100 пайызын энергия үнемдегіш лампаларға ауыстырады. Бұл жоба жүзеге асса, қазіргі тұтыну көлемінен еке есеге дейін үнем болмақ. Айта кету керек, Астанада сәулетшілер конгресі өтуде. Бірнеше күндік шарада дүниежүзілік сәулет өнерінің трендерті талқыланады.

Мәлика Бектұрова, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

- Жаңа жобалардың бірі – «Ақылды шамдар». Тендер жарияланды. Осы айдың 31-не дейін конкурс өтеді. Конкурс өткеннен кейін осы жылдың аяғына дейін жаңа жоба іске асады. Ол қалаға өте ыңғайлы. Өйткені, қаланың шамдарын жаңартады және 60 пайызға дейін пайдалану азаяды.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу