Елбасы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Юрий Пяны қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Юрий Пяны қабылдады

13.09.2017

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Астанада өткен Дүниежүзілік жүрек-қан тамырлары және торакальды хирургтер қауымдастығы 27-ші конгресінің отандық медицинаны дамытудағы маңызы ерекше болғанын атап өтті. «Қазақстанда алғаш рет бүкіл әлем кардиохирургтарының конгресі ұйымдастырылды. Бұл отандық хирургия жетістіктерінің әлемдік деңгейде мойындалып отырғанын білдіреді», – деді Елбасы.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу