Ақілгек Мырзабайқызы Facebook әлеуметтік желісінде ұйымдастырылған ақындар айтысының жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақілгек Мырзабайқызы Facebook әлеуметтік желісінде ұйымдастырылған ақындар айтысының жеңімпазы атанды

10.01.2015
Ақілгек Мырзабайқызы Facebook әлеуметтік желісінде ұйымдастырылған ақындар айтысының жеңімпазы атанды

М.Мәметова атындағы Ақтөбе медицина колледжінің студенті Ақілгек Мырзабайқызы Facebook әлеуметтік желісінде ұйымдастырылған жас ақындар айтысында бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды aktobegazeti.kz.

Шараға 30-ға жуық ақын қатысқан. Айтысқа белгілі ақындар - Ербол Бейілхан, Алмас Темірбай, Сәкен Алдашбаевтар қазылық етті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты - ұлтымыздың төл өнерін насихаттауға үлес қосу.

«Әлеуметтік желіде осындай шаралар жиі ұйымдастырылса, жастар шығармашылығын шыңдауға құлшынар еді»,  — дейді жас ақын Ақілгек Мырзабайқызы.

Хабарламаларға жазылу