Facebook желісіндегі ең танымал адам анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Facebook желісіндегі ең танымал адам анықталды

15.10.2014
Facebook желісіндегі ең танымал адам анықталды

«Реал» футбол клубының атақты футболшысы Криштиану Роналду Facebook әлеуметтік желісінде ең танымал адам атанды. Оған 100 миллионнан астам адам жазылған.

Осыған байланысты спортшы арнайы бейнемәлімдеме жасады.

Қазіргі уақытта ол осы әлеуметтік желідегі «ұнайды» белгісін ең көп алған әлемдегі жалғыз адам, деп хабарлады ТАСС.

Футболшының парағындағы ең көп  3,4 миллион «лайк» жинаған  - «Балаларды қорғау күнін ұлыммен өткізгеніме қуаныштымын!» деген баласымен бірге түскен фотосуреті.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу