Facebook-ке жаңа қосымша қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Facebook-ке жаңа қосымша қосылады

18.09.2014
Facebook-ке жаңа қосымша қосылады

Facebook әлеуметтік желісі Moments қосымшасын даярлауда. Бұл посттарды достар арасындағы түрлі топтарға жариялауды жеңілдетеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

Кейбір интернет пайдаланушылар өзінің жеке фотоларын белгілі бір адамдар тобына жариялағысы келеді. Міне, бұл мәселелерді шешуде Moments қосымшасы таптырмас құрал.

Осыған ұқсас концепция Google+ әлеуметтік желісінде бар.

Хабарламаларға жазылу