«Әйел бақыты» атастыру салты жөнінде әңгіме өрбітпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты» атастыру салты жөнінде әңгіме өрбітпек

07.01.2015
«Әйел бақыты» атастыру салты жөнінде әңгіме өрбітпек

Ол - ата-аналардың балаларын бір-біріне үйлендіру жөнінде ақ ниет, жарқын үмітпен күні бұрын уәделесуі.

Мұндай келісім ұл мен қыздың жас шағында, тіпті бесіктегі кезінде жасала берген. Атастырылған жастар есейе келе міндетті түрде қосылатын болған.

Қазір де ата-аналардың баласының берік неке құруы үшін болашақ жарын өзі таңдап беретін жайттар көп кездеседі.

Бұл қаншалықты дұрыс, жастарға ықпалы қандай? Бүгін «Әйел бақыты» ток-шоуы атастыру салты туралы әңгіме өрбітпек.

15:05-те Ұлттық арнадан көріңіз!

Хабарламаларға жазылу