«Драматургия мәселесі оңбай – театр оңбайды» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Драматургия мәселесі оңбай – театр оңбайды»

26.04.2014
«Драматургия мәселесі оңбай – театр оңбайды»

Бүгінде «Руханият» партиясының төрайымы  қызметін атқаратын Алтыншаш Жағанова 1976-1986 жылдары «Жаңа фильм» журналының бас редакторы, 1986-1988 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің аппаратында қызмет атқарды. 

1990-1994 жылдары республикалық «Қазақстан әйелдері» журналының бас редакторы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Ал 1995 жылдан «Қазақстан дәуірлеу партиясының», 1998-2004 жылдар аралығында  ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің төрайымы болды.

Алтыншаш Жағанова «Әмина, қасқырлар және ақырзаман», «Ақ қоян – Құмай тазы», «Еркетотай», «Тентектер», «Эхо по кругу», «Шалунья» атты әңгіме, повестердің және «Бәрі де анадан басталады», «Нөсер», «Ала жіп аттағандар», «Беймаза әйел», «Жан алқымда», «Обыр» т.б. пьесалардың авторы.

«Драматургия мәселесі оңбай – театр оңбайды. Ортамызда ортақол материалдарға ұрынып жүрген  талай талант бар. Ал соларға бағыт-бағдар беретін мықты азаматтар аз»,-дейді жазушы-драматург Алтыншаш Жағанова.

Бүгін 23.10-да «Сіз не дейсіз?» хабарында «Руханият» партиясының төрайымы Алтыншаш Жағанова драматургия саласы жөнінде әңгіме өрбітпек.

Хабарламаларға жазылу