«Әйел бақыты» жаңа маусымда жаңа тақырыптарды қозғайды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты» жаңа маусымда жаңа тақырыптарды қозғайды (ВИДЕО)

23.07.2015
«Әйел бақыты» жаңа маусымда жаңа тақырыптарды қозғайды (ВИДЕО)

«Әйел бақыты» хабарының жаңа маусымында жаңа тақырыптар ортаға тасталып, жаңа кейіпкерлердің оқиғасы баяндалмақ.

Күнделікті өмірде отбасына да қарап, үй тірлігін де тындырып, қолы қалт етсе, құрбыларымен әңгіме-дүкен құрып та үлгеретін, сәнді киініп, сұлулық сырын да ұмытпайтын әйелдің бақыты неде?

Хабар барысында талқыланатын жайттар әр үйде кешкі дастархан басында қозғалатыны сөзсіз. Себебі, «Әйел бақыты» көтеретін тақырыптар әр отбасында бар, әр әйелдің басында кездесетін жағдай.

Жаңа маусымда жұлдыздардың ғана емес, сонымен қатар, қарапайым  көрерменнің де сырымен бөліспекпіз.

Ұлттық арнадан «Әйел бақытының» жаңа маусымын күтіңіз!

Хабарламаларға жазылу