IJNet.org ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуді ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

IJNet.org ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуді ұсынады

03.01.2015
IJNet.org  ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуді ұсынады

Өткен 2014 жылы журналистер ақпараттық қауіпсіздікті күшейтудің маңызын терең түсінген сияқты. Бұған себеп болған жайт, мәселен Эдвард Сноуденнің интернеттегі АҚШ ұлттық қауіпсіздік комитетінің құпия мәліметтерін жариялауы.

Ақпараттық агенттіктер сақтық үшін HTTP орнына HTTPs URL-веб-сайт мекен-жайын қолдана бастады. #https2015 хэштегі арқылы 2015 жылы сайттарын мейлінше қауіпсіздендіруге кірісіп кеткен редакцияларды көруге болады.

IJNet.org сайты 2015 жылы мәліметтер базасын сақтау үшін кейбір құралдарды қолдануды ұсынады.

Интернеттегі құпиялылықты сақтауға арналған құралдар.

Tor бағдарламасын компьютеріңізге орнатыңыз сіздің интернеттегі мекен-жайыңызды құпия сақтайды. Қолдануға ыңғайлы және тегін  бағдарлама.

AnonymoX-ті кеңейту ғаламторда сіздің жасырын болуыңызды қамтамасыз етеді. Бұл Firefox және Google Chrom браузері үшін ақысыз.

Телефонға арналған құралдар.

Android үшін тегін Redphone қосымшасы абонеттер арасындағы әңгімелерді сақтайды.

OStel құралы видео және дыбыстық байланысты құпиялайды. Бұл жүйеге тіркеліп қосымшаны кез-келген Apple, Android, Nokia, Windows және Blackberry-ге орнатуыңызға болады. Ал  Silent Circle бағдарламасы үшін 12,95 тан 39,95 АҚШ долларын төлеуге тура келеді. Ол мәтіндерді, хабарламаларды, дербес компьютердегі мәліметтерді құпия сақтауға мүмкіндік береді.

Жеделхаттарды шифрлауға арналған құралдар.

Тегін Adium қолданушыларды  Mac жеделхат алмасу AIM, MSN, Jabber и Yahoo серверімен жалғағанда, жазбаңызды ешкім оқи алмайды. Windows үшін дәл осыны Pidgin бағдарламасы жасайды.

Сіз телефонға немесе компьютеріңізге ChatSecure-ні iOS әлде Android-қа тегін жүктеп алып (Gchat пен Facebook Messenger) өзіңіздің хат алмасу жүйеңізді қорғауыңызға болады.

ijnet.org      

Хабарламаларға жазылу