Журналистикалық зерттеулер бойынша конференцияға қатысуға арналған гранттар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистикалық зерттеулер бойынша конференцияға қатысуға арналған гранттар

16.05.2015
Журналистикалық зерттеулер бойынша конференцияға қатысуға арналған гранттар

Журналист-зерттеушілердің әлемдік желісі (GIJN) мен Сын және зерттеу баспасөз қауымдастығы (SKUP) БАҚ саласында кем дегенде 3 жылдық тәжірибесі бар жас журналистерге  Норвегияда өтетін конференцияға қатысуға гранттар ұсынады.

Үміткерлер  журналистикалық зерттеулер бойынша  материал жариялайды немесе өз елдеріндегі  конференциялар туралы әңгімелейтін болады.

Айта кетейік, GIJC15 конференциясы  8-11 қазан аралығында Норвегияның Лиллехаммер қаласында өтеді. Шараға танымал журналист-зерттеушілер мен қауіпсіздік жөніндегі сарапшылар қатысады.

Өтініштер 15 шілдеге дейін қабылданады, деп хабарлайды ijnet.org.

multijur.ru

Хабарламаларға жазылу