Польшада ақпараттық сауаттылық бойынша жазғы мектеп ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Польшада ақпараттық сауаттылық бойынша жазғы мектеп ұйымдастырылады

21.04.2015
Польшада ақпараттық сауаттылық бойынша жазғы  мектеп ұйымдастырылады

Европадағы ақпараттық  сауаттылық орталығы Адам Мицкевич атындағы университетте ұйымдастыратын ақпараттық  сауаттылық тақырыбына арналған жазғы институтқа шақырады.

Семинар Польшаның Познань қаласында 8-17 шілде аралығында өтеді. Дәрістерді америкалық және польшалық тәжірибелі оқытушылар жүргізеді.

Ұйымдастырушылар таңдап алынған қатысушылардың тұратын жеріне, таңғы және түскі асына және оқу құралдарына кететін шығынды өздері төлейді.

Сондай-ақ, Transatlantic Mobility Office серіктесімен бірлесіп, Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінен келетін қатысушыларға арнайы шәкіртақы ұсынады.

Айта кетейік, өтініш 26 сәуірге дейін қабылданады, деп жазады ijnet.org.

 

Фото: www.msb-orel.ru

Хабарламаларға жазылу