Стамбұлда президент Реджеп Тайып Ердоғанның резиденциясына шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбұлда президент Реджеп Тайып Ердоғанның резиденциясына шабуыл жасалды

02.01.2015
Стамбұлда президент Реджеп Тайып Ердоғанның резиденциясына шабуыл жасалды

Белгісіз біреу Стамбұлдағы президент Реджеп Тайып Ердоғанның резиденциясына шабуыл жасаған. Ол сарай күзетшілеріне оқ жаудырып, жарылғыш зат лақтырған, бірақ граната жарылып үлгермеген.

Мамандар снарядты алыстан залалсыздандырған. Күдікті де бірден қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шабуыл салдарынан ешкім зардап шекпеген. Полицейлер қаскүнемді анықтаған. Бірақ, тәртіп сақшылары толық мәлімет беруден бас тартып отыр. Қазір шабуыл жасалған аумақ қоршауға алынып, тергеу жүруде.

«Біз белгілі лаңкестік ұйымның мүшесі деп отырған ер адам 2 гранатаны полиция бекетіне қарай лақтырды және сосын оқ жаудырды. Біздің әріптестеріміз оны қашпаққа әрекеттенген кезінде ұстады»,-деп мәлім етті Стамбұл полициясының басшысы Селами Алтынок.

Хабарламаларға жазылу