Түркия пайыздық үстемені 15 пайызға дейін көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия пайыздық үстемені 15 пайызға дейін көтерді

23.06.2023

Түркия пайыздық үстемені 8 жарымнан 15 пайызға дейін көтерді. Осылайша елдің орталық банкі президент Реджеп Тайып Ердоғанның экономикалық саясатын өзгертуге кірісіп кетті.

Түрік елінің басшысы соңғы жылдары несиелік мөлшерлемені төмен ұстауды талап етті. Салдарынан инфляция шарықтап, Түркияда қымбатшылық орнаған еді. Мамырдағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен соң Ердоған банк басшылығына 44 жастағы Хафизе Эрканды тағайындады. Орталық банк инфляцияны бірте-бірте 5 пайызға дейін түсіруді көздеп отыр.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу