Путин: Сириядағы соғысты аяқтауға жағдай бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путин: Сириядағы соғысты аяқтауға жағдай бар

29.09.2017

Сириядағы азаматтық соғысты іс жүзінде аяқтауға қажетті жағдай жасалды. Мұны Анкараға сапарында Кремль басшысы Владимир Путин түрік әріптесі Реджеп Тайып Ердоғанмен өткен келіссөздерден кейін мәлімдеді.

Екі лидер Солтүстік Иракта күрдтер өткізген референдумды да талқылады. Ердоғанның сөзінше, Мәскеу мен Анкара Сирия мен Ирактың территориялық тұтастығы сақталуы керек деген ұйғарымға келген.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу