«Қайрат» футбол клубының оқу-жаттығу жиындарының мерзімі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қайрат» футбол клубының оқу-жаттығу жиындарының мерзімі белгілі болды

30.12.2014
«Қайрат» футбол клубының оқу-жаттығу жиындарының мерзімі белгілі болды

Екінші жиын 26 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірлігінде өтпек. Абу-Дабиде ел кубогының иегерлері бірқатар жолдастық кездесу өткізеді. Сонымен қатар, халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Алматылық ұжым 10-шы ақпанда қайтадан Анталияға жиналады. Бұл жақта жаңа маусым алдындағы дайындықтарын пысықтайды. Сонымен қатар, жолдастық кездесулер өткізу жоспарланған.

Айта кетейік, бас бапкердің көмекшісіне үміткер ретінде оқу-жаттығу жиынына қазақстандық маман Константин Горовенко шақырту алды. Ол бұған дейін «Сұнқар» клубы мен «Қайраттың» академиясында қызмет атқарған.

 

Фото: www.fckairat.kz

Хабарламаларға жазылу