Алматы акімі Бауыржан Байбек «Қайрат» футбол клубының сауықтыру кешенін ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы акімі Бауыржан Байбек «Қайрат» футбол клубының сауықтыру кешенін ашты

01.10.2015
Алматы акімі Бауыржан Байбек «Қайрат» футбол клубының сауықтыру кешенін ашты

Қала басшысы әлемдік технологиямен жабдықталған заманауи спорт нысанын аралап көрді.

«Барлықтарыңызды мынадай тамаша әрі заманауи кешеннің ашылуымен құттықтаймын. Спорттың бұқаралық түрін дамыту аса маңызды, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстынның 2030 Стратегиясы» бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы жылдарында халықтың денсауғылығы оның спортпен қаншалықты айналасатындығына тікелей қатысты екендігін айтқан болатын. Сіздер алдағы «Универсиада 2017»-ге дайындық жасап жатқандығымызды білесіздер, спорт кешендері салынып, инфрақұрылым жақсартылуда. Ертеңгі күні балаларымыз халықаралық стандарт бойынша салынған заманауи алаңдарда спортпен айналысатын болады» , - деді әкім.

Мегаполис басшысы Алматыда өз кадрларымызды дайындау, үндестікті қалыптастыру барысында қомақты жұмыстардың жүріп жатқандығын айтты, бұған дейін «Қайрат» футбол клубының балалар және жасөспірімдер академиясы және оқу – жаттығу кешені ашылды. Осыған орай әкім клубқа қолдау көрсеткен басшылыққа, жаттықтырушыларға, меценаттарға алғыс айтты.

«Болашақта футболды негізінен қазақстандықтардың ойнайтындығына сенімдімін. Әрине, «Қайрат» құрамасында ойнауды үлкен құрмет санайтын шетелдіктер де болады. Біздің футболшылардың әлемнің жетекші клубтарында ойнайтындықтарына сенімдімін. Клуб заманауи, қазіргі заманға лайық базасы бар, ең бастысы «Қайраттың» өзіне ғана тән философиясы, инновациясы мен технологиясы бар. Бұл біздің тарихи клубымыз, біз оны мақтан тұтамыз», - деді Б.Байбек.

Хабарламаларға жазылу