«Қайраттың» аты аңызға айналған ойыншысы «Достық» орденімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қайраттың» аты аңызға айналған ойыншысы «Достық» орденімен марапатталды

11.12.2020

«Қайрат» футбол клубының аты аңызға айналған шабуылшысы Евстафий Пехлеванидиді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттаған болатын. Қазақ футболын дамытуға, Қазақстан мен Грекия арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін берілген төсбелгіні еліміздің Грекиядағы елшісі Алексей Волков футболшыға ресми табыстады. Евстафий Пехлеваниді 80-жылдардағы «Қайраттың» сұрмергені. Кеңес біріншілігінде 226 ойын өткізіп, 69 гол соққан теңдессіз шабуылшы. 

Евстафий Пехлеваниди, «Қайрат» футбол клубының 1980-1989 жж. шабуылшысы, Кеңес Одағының спорт шебері: 
Мені осындай жоғары марапатқа лайық деп таныған Президент Тоқаев пен Футбол федерациясына алғысым шексіз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Қазақ достарымның арқасында туған жеріме жылына екі рет келіп тұрамын. 

Нұрсұлу Қасым

Қайрат футбол

Хабарламаларға жазылу