«Сұңқар Сәкен» атты жыр жинағы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сұңқар Сәкен» атты жыр жинағы жарық көрді

04.03.2014
«Сұңқар Сәкен» атты жыр жинағы жарық көрді

Қазақ поэзиясы тағы бір жыр жинағымен толықты. Елордада  ақын әрі жазушы Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына орай «Сұңқар Сәкен» атты кітап жарық көрді.

 
Жинақ Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 20 баспа табақ болып шықты. Оған Ілияс Жансүгіров пен Қасым Аманжоловтан бастап, жазушының бергі замандағы ақын інілерінің жыр-толғаулары енген.
 
Олардың әрқайсысын, Сәкен Сейфуллин мұражайы қызметкерлері арнайы іріктеп алған. Сондай-ақ, ұжым ақынның мерейтойына орай, Сәкен Сейфуллин мұражайының фотоальбомын да басып шығаруды жоспарлап отыр.
 
Нұрғожа Ораз, ақын:
Біздің қазақстандық ақын-жазушыларының шығармалары, мұндай үлкен кітап болып, жинақ шықпаған еді. Ал енді, мына кітап өзгеше. Оның сыртының өзі Сәкеннің сұлулығына ұқсас, өте көркем бейнеленген екен. Сол үшін мұражай қызметкерлеріне рахмет айтқым келеді.
 
 
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу