Бүгін – Мұстафа Шоқайдың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Мұстафа Шоқайдың туған күні

25.12.2014
Бүгін – Мұстафа Шоқайдың туған күні

Дара тұлғаның ұстанған саяси мақсаты біреу. Ол – Кеңес үкіметі салған қамыттан  түркі елдерінің бірлесе құтылуы. Тіл мен ділді, ұлт пен дәстүрді социализм жүйесі жоққа шығаратынын күні бұрын білді. Ұраншыл коммунизмның ұрда-жық ұстанымын мойындамады.

Түркияда жүргенде Мұстафа Шоқайға Кеңес үкіметі бірнеше қызмет ұсынып, елге шақырды. Бірақ, Мұстафа ешқайсысына келісім бермеді. Керісінше, өзі Берлин мен Парижде жүріп, «Яш Түркістан» журналын шығарды.  Басылым саяси-әлеуметтік тақырыптарды қозғай отырып, онда түйдек-түйдек мақалалар жариялады.

«Сол кезде болып жатқан оқиғалар, сыртқы күштер немесе Батыстың көзқарасы, міне, осыларды негізге ала отырып, пантүркистік, панисламистік айыптаудан қашу үшін Алаш қайраткерлері Түркістан автономиясымен бірден тізе қосып, бірігіп кетуге сақтықпен қараған сияқты. Бірақ, бұл – қайраткерлердің бір-бірінен алшақ жатқанын көрсетпейді. Бұл – тактикалық қадам деп ойлаймын.

Себебі, Мұстафа Шоқайдың естеліктерінде бар. «Біз жалпы үлкен күштердің дегбірін алмауымыз керек. Оларды «түркілер бірігіп жатыр, мұсылман одағын құрып жатыр» деген күдікке итермелемеуіміз  керек. Сондықтан, қазіргі жағдайға сәйкес әрекет жасауымыз қажет», деген Алаш қайраткерлерінің уәжін айтады»,-дейді тарих ғылымдарының докторы Дархан Қыдырәлі.

Мұстафа Шоқай 24 жасында-ақ Мұсылман фракциясының хатшысы атанды. Өйткені, 1916 жылы Әлихан Бөкейханұлы Мұстафаны Ресейдің IV мемлекеттік думасы мұсылман фракциясының бюросына хатшылыққа ұсынды.

1918 жылдан кейін  туған жерден жырақ кетсе де, Мұстафа Шоқай түбі бір түркі елдерінің мүддесін бәрінен жоғары қоя білді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу