Қызылорда облысында жылуға артық төлеген тұрғындарға 38 млн теңге қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында жылуға артық төлеген тұрғындарға 38 млн теңге қайтарылады

29.06.2022

Қызылорда облысында тұрғындар жылуға артық төлем жасап келген. Табиғи монополияларды реттеу департаменті тарифті қайта есептеу барысында бірқатар сәйкессіздікті анықтаған. Аймақтағы жылу беру мекемелері артық есептелген 38 миллион теңгені тұтынушыларға кері қайтаруға міндеттелді. Қайтарылатын қаражат сомасы әр тұрғынға қосымша берілетін болады. Яғни, қысқы маусымда жылу ақысын төлеуде біршама жеңілдік беріледі.

Мамандардың айтуынша, артық төленген ақша үйлерінде жылу энергиясын есептеу қондырғылары жоқ тұтынушыларға ғана қайтарылады.


Хабарламаларға жазылу