Голливудтың 2015 жылғы ең «қымбат» он актеры анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Голливудтың 2015 жылғы ең «қымбат» он актеры анықталды

09.08.2015
Голливудтың 2015 жылғы ең «қымбат» он актеры анықталды

Forbes журналы жылсайынғы дәстүрімен ең «қымбат» Голливуд актерлерінің рейтингін жасады. Басылымның жазуынша, 2015 жылы ең  үлкен пайда  80 миллион  доллар тапқан кіші Роберт Даунидің еншісінде. «Кек алушылар 2: Альтрон дәуірі» картинасы актерге асқан танымалдылық та сыйлады.


Екінші орында – Джеки Чан. Биыл ол дәулетін 50 миллион долларға асырған. Үшінші орында «Форсаж» есімімен танымал Вин Дизель.


Одан кейінгі кезекте Брэдли Купер, Адам Сэндлер, Том Круз сынды актерлер тұр. Рейтингтің соңында Дуэйн Джонсон. Оның биылғы пайдасы – 31,5 миллион АҚШ доллары.


бірінші сойлем - тақырып, екніші сойлем - ЛИД. калганы - толык матін гой

Хабарламаларға жазылу