Жылу ақысы үшін артық төленген ақша халыққа қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылу ақысы үшін артық төленген ақша халыққа қайтарылады

18.08.2021

Жылу ақысы үшін артық төленген 415 млн теңге халыққа қайтарылады. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мамандары осылай деп мәлімдеді. Тиісті заң нормасына сәйкес, сыртқы ауа температурасы ескеріле отырып, жылу ақысы қайта есептелуі тиіс. Бүгінде тексеру шаралары аяқталған. Енді тұтынушыларға артық қаражат қайтарылады. Сондай-ақ күзде бірнеше өңірде электр энергиясы орта есеппен 3 жарым пайызға өседі. Себебі, өндіруші стансалар үшін тариф қымбаттаған. Әр аймақта тариф әртүрлі болады. Табиғи монополияларды реттеу комитеті баға айтарлықтай көп өспейді, халықтың қалтасына ауыр тимейтіндей тариф бекітіледі деп отыр.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу