ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бірыңғай дәрі-дәрмек нарығын құрады

24.12.2014
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бірыңғай дәрі-дәрмек нарығын құрады

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бірыңғай дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдер нарығын құрады. Бұл туралы Ресей денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Олег Салагай мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

«Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ отырысында дәрі-дәрмекті дұрыс қолданудың бірыңғай ережелері мен қағидаттары туралы келісімге қол қойылды», - дейді хатшы.

Оның айтуынша, келісімнің мақсаты – дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдердің ортақ нарығын қалыптастыру үшін құқықтық негіз құру.

Айта кетейік, келісім  2016 жылдан бастап күшіне енеді. 

Хабарламаларға жазылу