Айдос Бектемір «Марко Поло» фильміне түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айдос Бектемір «Марко Поло» фильміне түсті

22.12.2014
Айдос Бектемір «Марко Поло» фильміне түсті

Қазақ өнеріндегі  соңғы жаңалықтың бірі – М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актері, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Айдос Бектемір Голливудта киноға түсіп қайтты.

«Өзіміздегі сияқты киноға кастинг жариялапты. Мен алғашында білмедім. Бір күні Наташа деген қыз телефон шалды. «Аға, сіз кастингке келмедіңіз ғой», деп. Мен «Қандай кастинг?», десем, «Марко Поло» туралы фильм түсіріліп жатыр, соған актерлер іздеп жатқан едік, сіздің театрдан келді, сіз жоқсыз»,-деді. Содан айтқан «кино пробасына» бардым.

Режиссердің айтқанын орындап жүрмін. Бір кезде жұдырығы түйілген қолын созды. Мен түсінбей қалып едім, Наташа «сізді ұнатып жатыр», деді. Кейін «фото пробасына» бардым. Бізде мұндай жерлерде әрі кетсе 4-5 адам отырады ғой. Мұнда 20 адам отыр. Кіріп барғанда, барлығы орындарынан атып тұрып, амандасып жатыр. Қатты риза болдым»,-дейді актер.

«Шетелдік мамандардың жұмыс істеу үрдісінен бір байқағаным, олар басты орынға актерді қояды. Сосын әркім өзінің жұмысын жақсы біледі. Сағатпен қойып тастаған. Мына уақытта грим бөлмесіне барасыз, мына уақытта киімге барасыз, дейді. Сол уақытта бәрі тап-тұйнақтай дайын тұрады».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу