Келер жылы Астанада жаңа парк ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылы Астанада жаңа парк ашылады

12.12.2014
Келер жылы Астанада жаңа парк ашылады

Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, елордада жаңа парк ашу көзделген. Жаңа парк Жауқазын мен М. Мақатаев көшелерінің қиылысында «Арай» паркінің жанындағы жасыл аймақта орналасады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Парк аумағының ортасында жарықпен және музыкамен сүйемелденетін субұрқақ болады.

Сонымен қатар, парк аумағында спорттық, балаларға арналған ойын-сауық алаңдары ашылады. Парк жоспарын жасау кезінде көшеттер отырғызу жүйесінің негізгі қағидаттары негізге алынды, оған адамдарға паркте таза ауада демалуға ең қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ұйымдастырылған табиғи (рельеф, өсімдік, су) және жасанды (сәулеттік-инженерлік құрылыстар) компоненттердің жиынтығы жатады. Парк құрылысында ірі жапырақты ағаштар, бұталар, екі қатарлы бұта қоршамын және гүлзарлар отырғызу көзделген.   

Айта кетейік, парк аумағының құрылысы қаржының бөлінуіне қарай 2015 жылдың басына жоспарланып отыр.

Хабарламаларға жазылу