Головкин-Мюррей жекпе-жегінің финалдық баспасөз мәслихаты өтті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин-Мюррей жекпе-жегінің финалдық баспасөз мәслихаты өтті (ФОТО)

19.02.2015
Головкин-Мюррей жекпе-жегінің финалдық баспасөз мәслихаты өтті (ФОТО)

«Менің қарсыласым Мартин Мюррей – керемет боксшы әрі жақсы жігіт. Мен оны және командасын құрметтеймін. Мен оның мықты екенін көріп отырмын», - деді Геннадий Головкин.

«Головкин – мықты боксшы. Бірақ мен оны жеңе алатын қарсыласпын», деп келтіреді Мюррейдің сөзін ВКонтакте желісіндегі «Геннадий GGG Головкин» тобы.

Айта кетейік, Головкин мен Мюррейдің жекпе-жегі болатын бокс кеші 21 ақпанда (21-ші ақпаннан 22-ші ақпанға қараған түні) Астана уақыты бойынша сағат 01:25-те басталады.

Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын барысын ел аумағында онлайн трансляциялау құқығы kaztrk.kz порталына берілген. Ал, жекпе-жектің қайталауын 22 ақпанда «KAZsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.

 

Фото: ВКонтакте желісіндегі «Геннадий GGG Головкин» тобы

 

Хабарламаларға жазылу