Алаш, Желтоқсан, Тәуелсіздік – қастерлі ұғымдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаш, Желтоқсан, Тәуелсіздік – қастерлі ұғымдар

16.12.2014
Алаш, Желтоқсан, Тәуелсіздік – қастерлі ұғымдар

Қазақ қоғамы үшін Алаш, Желтоқсан, Тәуелсіздік деген ұғымдар қашанда қастерлі.  Себебі, еліміздің тарихи оқиғаларының бастау бұлағында Алашорда үкіметі мен Алаш арыстары тұрды. Олар бүгінгі Қазақстанның кескін-келбеті мен болмыс-бітімін қалыптастыруға үлес қосты.

Ең алғаш Алашорда үкіметі  1917 жылдың 13 желтоқсанында жарияланса, ел егемендігі де атаулы күнмен тұстас келді. Өйткені, 1991 жылғы 16 желтоқсан әмбеге аян.

«XX ғасырдың басында қазіргі Қазақстанның шекарасы, қазіргі Қазақстанның аймағы сол Алаш қайраткерлерінің заманында анықталды. 1991 жылы біз Тәуелсіздік алған кезде Әлімхан Ермекұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкенханұлы заманындағы көрсетілген қазақ даласы бүгінгі Тәуелсіз Қазақ мемлекетінің негізі болды»,-дейді алаштанушы ғалым Қайырбек Кемеңгер.

Тәуелсіздік күніне орай жуырда Елорда төрінде жиын өтті. Аталмыш жиын біріншіден, Алашорда үкіметінің жарияланған күніне арналса, бір жағынан Тәуелсіздік мерекесіне орайластырылып өткізілді. Міржақып Дулатовтың «Алаш маршы» әнімен басталған жиын турасында толығырақ «Таңшолпанның» сюжетінен біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу