Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнайы Үндеу жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнайы Үндеу жасады

28.02.2017
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнайы Үндеу жасады

Сыртқы саясат, дипломатия, қос мемлекет ия көп мемлекетаралық қатынастардың қыртыстары қоғамға көріне бермейді. Негізі дипломатиялық қадамдар мен шешімдерді қабылдау жолындағы, келісімдерді түзу жолындағы бейнетті нағыз мылтықсыз майданға балауға болады.

Қазақстан азаттығының 25-ші жылында Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне екі жылға мүше болуын сол майдандағы кесек ұтыс деп санауға толық негіз бар. Осы оқиғаға орай осы аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнайы Үндеу жасады.

Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесіне біздің аймақтан, яғни, Орталық Азиядан мүше болып отырған алғашқы мемлекет. Мемлекет басшысы іріктеу кезінде Қазақстанды қолдап, дауыс берген елдерге ризашылығын білдірді.

Қазіргі жаһандағы ахуал жақсы болып тұрған жоқ. Яғни, Қауіпсіздік Кеңесінде күрделі шешімдер қабылдайтын сәттер де болмақ. Мемлекет басшысы кеңес құрамындағы Қазақстанның мақсат-мұраттарын да атап өтті. 

Әлімжан САБЫРЖАН

Хабарламаларға жазылу