«Елдің ерлігі». Соғысқа қатысқан қазақ батырлары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Елдің ерлігі». Соғысқа қатысқан қазақ батырлары

05.02.2015
«Елдің ерлігі». Соғысқа қатысқан қазақ батырлары

Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полк пен батальон жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан аумағында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап жаумен шайқасты.

Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2, 8, 5-ші әуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты.

Словакия территориясын жаудан азат етуге 4-ші Украина майданы құрамында қазақстандық 8-ші атқыштар дивизиясы қатысты.

Шығыс Еропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті. Шығыс Пруссия территориясын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес одағының батыры атағын алды.

Берлин операциясында 27 қазақстандық ерліктерімен көзге түсіп, Кеңес одағының батыры атағын иеленді.

Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер-азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, әскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды.

Қазақ арулары түрлі әскери құрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолдарына қару алып, майданға аттанған қазақ жұлдыздары – Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын әлемге паш етті.

Бүгін 20.00-де «Елдің ерлігі» деректі фильмінің 4-бөлімі соғысқа қатысқан қазақ батырларына арналмақ.

Хабарламаларға жазылу